OneWeb британдық компаниясы өткен аптада «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғаламдық интернет-байланысты қамтамасыз етуге арналған тарихтағы ең ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін өз серіктерінің кезекті партиясын ғарышқа жіберді.
OneWeb стартапының негізгі идеясы жерді жерсеріктік байланыспен толық қамтып, әлем елдерін кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету болып саналады. Әсіресе, бұл жоба ғаламтор жүйесі дамымаған кедей елдер мен әлеуметтік желі билік тарапынан цензураға ұшырайтын мемлекеттерге қатысты.
Жоспарды жүзеге асыру үшін 600-ге жуық жерсерікті іске қосу көзделіп отыр, оның 74-і ғарышқа ұшырылды. Тағы 60 жерсерік орбитада резерв ретінде қолданылады. Жоба инвесторлары – Airbus Group, Virgin Group, Coca-Cola, Qualcomm Inc сияқты ірі компаниялар.
Егер жоспар нәтижелі болса, ауылдық жерлерде де, ғаламшардың ең шалғай аудандарында да интернет жылдамдығы секундына 10 терабитке жетеді. Негізінен OneWeb ғаламға ортақ интернет жүйесін қолға алған жалғыз компания емес. Аталған британдық компанияның басты бәсекелесі ретінде кәсіпкер Илона Масктың Starlink жобасы мен Amazon компаниясының басшысы Джефф Безосқа тиесілі Kuiper жүйесі саналады.
OneWeb басшысы Андриан Стекель әлемдік пандемияға айналған коронавирусқа қарамастан бұл жоспарды 2021 жылдың төртінші тоқсанына дейін, яғни бәсекелестерінен бұрын аяқтаймыз дейді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?