Қазіргі уақытта шетелде саяхаттап жүрген 5 мыңға жуық қазақстандық бар. Коронавирус дертінің өршуі себепті олар елге чартерлік рейс арқылы қайтарылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Онлайн режимдегі брифинг кезінде ресми өкіл: «Біз шетелдегі 5 мыңға тарта отандасымызды елге қайтаруымыз керек. Бүкіл әлемде рейстер айтарлықтай азайып кеткендіктен оларды чартерлік рейспен елге қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл іс мемлекет есебінен жүргізілмейтінін еске саламын. Оны туристік қор өз міндетіне алады», – деді.
Мәліметтер бойынша, 23 наурызға дейін 4 мыңға тарта отандастарымызды қайтару үшін 18 рейс орындалмақ.
19 наурыздан бастап Алматы мен астанада карантин режимі орнатылды. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурыздан бастап қалаға қатынайтын жолаушылар пойызы мен автобустар, ішкі рейстер тоқтайды. Қазақстанда қазір 860 адам аурухана, 2611 адам үй карантинінде (барлығы 3471 адам). Ал вирус жұқтырғандар саны – 49.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы