Елдегі бұқаралық жиындарға тоқтау салынғанына байланысты Алматы марафоны мен көктемгі жүгіру жарысы да өтпейді.
«13 наурыздан бастап Қазақстанда көпшілік қатысатын жиындарды өткізуге тыйым салынды. Бұған себеп – коронавирустық пандемия. Сондыөтан біз көктемгі жүгіру жарыстары және ең айтулы «Алматы марафоны» жобасын өткізе алмаймыз, – деп мәлімдеді ұйымдастыру тобының өкілі, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Бұған дейін Токиода, Римде және Сеулде халықаралық марафондар тоқтатылған. Алматы марафонына көп дайындық жүргізілген еді, өйткені көктемгі жарыс 14 наурыз, ал марафон 19 сәуірде болатын жоспарланған болатын.
Сонымен қоса ашық жаттығу өткізу де уақытша тоқтатылмақ. Ұйымдастыру тобы алдын-ала тіркелген қатысушылардан «өзіне бағынбайтын форс-мажор жағдайына сабыр танытып, түсіністікпен қарауын сұрайды».
«Алматы марафоны» – қашықтығы 42 км 195 м болатын жыл сайынғы халықаралық жүгіру жарысы, тіпті Орталық Азиядағы ең үлкен спорттық оқиға деп бағаланады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр