Бүгіннен бастап Қазақстанда халықаралық әуе рейстері қысқартылды.
Әуе рейстерінің қысқартылуы жөнінде мәлімдеме жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Берік Қамалиев: «Кеше ғана бүкіл шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен біз жиналыс өткізіп, ол кісілерге барплығын түсіндіріп айттық. Ол кісілердің барлығы мұны қабылдады. Бізде авиационный администрация құрылған. Сол жерде тәулік бойынша колл центр істейді. Оның телефондары жарияланған болатын. Сондықтан да егер де қандай да бір компания сіздердің билеттеріңізді қайтармаймыз, оның үстіне ақша төлеңіз дейтін болса, сіздер маған айтуларыңызға болады сол адамдардың өтінішін министрлікке берсін. Тағы қайталап айтамын барлық авиа компаниялар барлық билеттердің ақшасын қайтарып береді»,м – деп мәлмдеді.
Бұған дейін Түркия мен Қазақстан арасында аптасына 40 рейс қатынаған. Енді оның тек 15-і ғана ұшады. Еуроодақ пен Ұлыбританиядан Қазақстанға келетін 29 рейстің 14-і қысқарады. Біріккен Араб Әмірліктерімен барыс келісті қамтитын 32 рейстің тек 12-сі ғана қызметін жалғастырады. Қалғандарына уақытша шектеу қойылды. Бұл жолаушылар ағынын азайтып, коронавирустың алдын алу мақсатында қабылданды. Бірақ Ресей мен Қазақстан арасындағы әуе қатынастары қалыпты жағдайда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті