Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус хабарлады.
Женевада өткен брифинг кезінде ұйым өкілдері: «Алдағы таяу күндері және таяу аптада COVID-19-ті жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны бұдан да артатынын болжап отырмыз. Біз COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп сипаттауға болады деген тұжырымға келдік», – деді.
Бүгінгі деректер бойынша, әлемде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 124997 адамға жеткен. Қайтыс болғандар саны – 4622 адам.
Айта кетейік, пандемия – бір елдің тұтас аумағын, іргелес мемлекеттерді, кейде тіпті дүниежүзінің көп елін қамтитын айрықша күшті эпидемия. Ол – белгілі бір індеттің тұтас бір халыққа жаппай жұғуы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұның алдында 2009 жылы тұмау вирусының H1N1 серотипінің («шошқа тұмауы») таралуын пандемия деп жариялаған еді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті