Қазақстан бай-дәулеттілер саны бойынша ТМД елдері арасында екінші орынға жайғасты.
Жақында Knight Frank халықаралық консалтинг компаниясының The Wealth Report 2020 есебі жарияланыпты. Finance.kz телеграм арнасының дерегінше, былтыр әлемде жеке активі 30 миллион доллардан асатын ультрахайнеттер немесе табысы өте қомақты адамдар қатары (UHNWI) 31 мыңға көбейген.
Дүние жүзі бойынша аталған параметрмен 9-шы, ал ТМД кеңістігінде бірінші орында тұратын Ресейде мұндай бай-бағландардың саны 9 мыңға жеткен. Сондай-ақ Украинада – 382, Түркіменстанда – 104, Беларуссияда – 28, Тәжікстанда – 16, Өзбекстанда – 12 отыздық лимон иесі бар болса, Қырғызстанда мүлдем жоқ. Ал Қазақстан дәл осы қырынан алғанда ТМД-да екінші орында.
Ratel сайтының дерегіне қарағанда, әлемдік рейтингте Қазақстан 660 бай-ауқатты адамымен 45-ші Индонезия және 50-ші Филиппин арасына тұрақтаған көрінеді. Алғашқы орынды – 240 мың ультрамиллионерімен АҚШ, екінші орынды – 61 мың байшыкешімен Қытай иеленген.
Қазақстанда соңғы жылдары халықтың әлеуметтік өмірі қиындап, таза табысы ортайғандықтан наразы көңіл-күй өршіп, саяси сипат ала бастады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді