«Жастар жылын» саяси өзгерістермен өткізген Қазақстан билігі 92 720 студентін жатақханамен қамти алмай отыр.
Белсенді жастар ұйымының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ЖОО мен колледждерде оқитын әрбір төртінші студент жатақханаға мұқтаж әрі олардың 33%-ына орын берілмеген.
Арнайы топ ел көлемінде 270 жатақханаға тексеру жүргізіпті. Ұйымдастырушылар тексеру нәтижелерінің көңіл көншітпейтінін айтады.
«Мониторинг барысында Қазақстандағы 66 жатақханада қарапайым санитарлық талаптар сақталмайтынына көз жеткіздік. Мәселен, кейбір жатақханаларда ас дайындайтын және кір-қоң жуатын бөлмесі бір жерде орналасқан. Демек, студенттер ас әзірлейтін жерде кірді де жуады. Тағы бір аса маңызды мәселе – өрт қауіпсіздік шараларының сақталмауына қатысты. Қосалқы шығу есіктері ашылмайды, тіпті, терезелердің тұтқасы болмағандықтан, бөлмені желдетудің өзі мүмкін емес», – деді Елнұр Бейсенбаев.
Қазақстандағы ең нашар студенттер үйінің тізімі жасады. Олардың қатарына төмендегі оқу орындарының жатақханалары кірген:
- «Қайнар» университеті;
- «Алматы» университеті;
- Satbayev university;
- Шымкент қаласындағы № 4 колледж;
- Жол-көлік колледжі, Шымкент қаласы;
- Астанадағы Жоғары политехникалық колледжі;
- Шығыс Қазақстан облысындағыАуылшаруашылық колледжі;
- Қостанайқаласындағы Инженерлік-экономикалық университеті;
- Тараз политехникалық колледжі;
- Қаратау қаласындағы №2 колледж;
- Петропавлқаласындағы Гуманитарлық-техникалық колледжі;
- Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі;
- Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі;
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалықуниверситеті;
- Қызылорда облысындағы«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты.
Бұған дейін үкімет 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан бойынша 75 мың орынға лайықталған жатақхана салу жоспарын жариялаған болатын. Бірақ әртүрлі ведомство басшыларының сөзіне қарағанда, аталған жатақханалардың кейбірінің әлі күнге дейін іргесі қаланбақ түгілі сметалық құжаты дайындалмаған көрінеді.
2019 жылы 5 мың орын; 2020 жылы 15 мың орын; 2021 жылы 25 мың орын; 2022 жылы 30 мың орын дайындалуы тиіс. Айта кетерлік бір жайт, қазіргі кезде студент ешбір оқу орнының жатақханасында тегін тұрмайды, оған ай сайынғы алым төлейді. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жастар оқу жылына шамамен 90-110 мың теңге арасында қаражат төлеп тұрады.