Әлем бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны күн санап артып барады. Ошағы Қытайдың Хубэй провинциясынан басталып, 65 мемлекетке тарап үлгерген ковид-9 вирусы пандемияға айналуы мүмкін.
Bloomberg мәліметінше, қазіргі уақытта 88437 адам ковид-9 жұқтырып, 3039 адам қайтыс болған. Вирус жұқтыру қаупі жоғары бірінші санаттағы елдер қатарында Қытайдан кейін Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг, Тайуань, Макао, Италия және Иран тұр. Өңделген деректер бойынша, аталған дерт Франция, Аустралия, Филиппин, Беларусь, Латвия, Германия және АҚШ-та тіркелді. Сонымен қатар, Ресей, Украина, Армения, Қырғызстанда да вирусқа шалдыққандар карантинде жатыр. Олар Diamond Princess кемесінде болған. Ал Беларусь пен Латвияда ирандық студенттерден коронавирус табылды.
Қытайда 80 мың адам вирус жұқтырған. Иранда 54 адам вирустан көз жұмса, инфекция жұқтырғандардың саны 985-ке жеткен. Америкада коронавирустан екіеші адам көз жұмды.
Қазіргі уақытта шектеу шараларының кесірінен жолаушылар тасымалдау мен туризм саласына кері әсер етуде. Өткен аптада биржадағы көрсеткіштер құлдырап, мұнай және өзге де ресурстар арзандады. Экономистердің айтуынша, әлемдік экономиканың дамуы бәсеңдеуі мүмкін, тіпті рецессия болуы мүмкін.
Эпидемия басталған уақыттан бері 41 мыңнан астам адам айыққан. Қалғаны емделіп жатыр. Қытаймен шекаралас Қазақстанда, әзірге, коронавирус тіркелген жоқ. Дегенмен, үкімет дүниежүзін дүрліктірген дерттен сақтану шараларын күшейтуге тиісті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті