Қытай басшысы Ши Жинпиң сәуір айында Жапонияға жасайтын сапар жоспарын өзгертпейді. Бұл туралы Жапония үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылды. Бұған дейін коронавирусқа байланысты Қытай басшысының Жапонияға сапары кешіктірілуі мүмкін деген мәліметтер тараған.
Жапония үкімет кабинетінің хатшысы жасаған мәлімдемеде Токионың дайындық жұмыстары өз тәртібімен жүріп жатқанын айтады. Ол және: «Қытай басшысы елімізге ондаған жылда бір рет келеді», – деді.
Жаңа коронавирусқа байланысы Жапониядағы көптеген спорттық, мәдени шаралар қысқартылып жатыр. Эпидемия жағдайы тұрақтанбаса Жапонияда өтетін Олимпиада ойындары да кейінге қалдырылуы мүмкін деген болжам да бар.
Бірақ, соған қарамастан Ши Жинпиңнің Жапония сапары жоспарлы уақытта өтпек. Сәрсенбі күні телефон арқылы сөйлескен екі елдің СІМ басшылары да ресми сапардың тұрақты, жоспарлы уақытта өткізілуіне келіскен. Бұл екі елдің тарихи қайшылықтарды жойып, экономикалық, саяси қарым-қатынасты ретке келтіруге жасап жатқан талпыныстары қатарында бағаланып келеді.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр