Өскемен әуежайының маңында ұшақ құлады.  

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта бес адам болған.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Орлан 2000» әуе компаниясының Ан 2 әуе кемесі Өскемен-Ақсуат санитарлық тапсырмасы бойынша ұшуды жүзеге асырғанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы төтенше жағдай туралы хабарлады. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым ауданда мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдады, бортта 5 адам, 3 экипаж мүшесі және 2 қызмет жолаушысы болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады», – деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Бұған дейін 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде Bek Air әуе компаниясының «Алматы-астана» бағытындағы Fokker 100 жолаушылар ұшағы Алматы маңына құлаған. Ол кезде ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші пилот ауруханадан шыққаннан кейін бір жұмадан соң көз жұмды.

;feature=emb_title

“The Qazaq Times”