АҚШ Солтүстік Корея мен Иранға қарсы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау туралы заңды сақтамағаны үшін Қытай, Ирак, Ресейдің 13 жеке және заңды тұлғаларға санкция енгізді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео таратқан мәлімдемеде: «Америка Құрама Штаттары Қытай, Ирак, Ресей және Түркиядан келген 13 шетелдік жеке және заңды тұлғаларға санкция енгізеді. Қатаң қаулыға Қытайдың бес компаниясы мен Түркия азаматы Иранның зымырандық бағдарламасын қолдағаны үшін енгізілді», — делінген.
Санкциялар АҚШ қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Себебі, Ресей мен Қытай тарапынан кеткен қателіктер мен астыртын әрекеттер (саяси байланыс, химиялық қару, хаккерлік шабуыл) көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. Осы ретте Америка Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойет: «Санкциялар нақты экономика мен қауіпсіздік саласына бағытталған. АҚШ тарапынан қатаң қаулылар Ресей билігіне, сондай-ақ Ресейдің бүлікшіл әрекеттерінің орындалуына көмектескендерге де әсер етеді. Біз осы субъектілердің іс-әрекеттерін бақылауға аламыз», – деді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел