Ошағы Қытайдан басталып әлемге тараған қатерлі коронавирус індетінен 2761 кісі көз жұмып, 80,9 мың адам жұқтырған.
Қытайдан тыс 38 елде: Филиппин, Гонконг, Жапония, Франция, Италия, Тайвань, Оңтүстік Корея және Иранда 46 адам вирустан айыға алмай, көз жұмған.
Бүгін белгілі болған дерекке сәйкес, 80987 адам инфекция жұқтырып, 1868 науқас вирустан қайтыс болғанын хабарланды.
Ел аумағында ең көп зардап шеккен Хубэй провинциясында кешегі бір күннің ішінде, 25 ақпан 401 адамның дерт жұқтырғаны, аурудан 52 науқастың демі таусылғаны және 2058 адам сауығып шыққан деседі. Провинцияда осы уақытқа дейін инфекция инесіне іліккендер саны 65187-ге жетіп, оның 20912-сі аурудан жазылып шықса, 2615 адам қайтыс болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Флорида штатындағы университеттік инфекциялық аурулар статистикасы орталығының жетекшісі, сарапшы Айра Лонжинидің болжауынша, «адамзаттың жауы» атанған коронавирус дертінен Жер жұртшылығының 3/1-і зардап шегуі мүмкін деседі.
«Адамнан адамға жұғу жолын тойтармасақ, жай бақылау және таратпау әдісі айтарлықтай нәтижеге жеткізе қоюы неғайбыл. Оқашаулау мен карантин вирусты тоқтатуға қауқарсыз», – дейді ғалым.