Қазақстан жаһандық теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының төрағасы болып сайланды.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров: «Қазақстан – жер аумағы жағынан теңізге шығар жолы жоқ ең ірі ел. Сол себепті осы елдер тобында төрағалық ету біз үшін өте пайдалы әрі тиімді болмақ. Өйткені өзіміз де осы мәселелермен айналысып, транзит пен өзара әрекеттесуді жақсартып, әлемдік сауда орталықтарына шығу жолдарын табуға тырысып келеміз»,– дейді.
2021 жылға дейін басшылық ететін топқа 32 мемлекет кіреді: Африка, Азия, Еуропа және Оңтүстік Америка елдері. Мүше мемлекеттердің бәрі Қазақстанның төрағалығына бір ауыздан қолдау білдірген.
Төрағалық ету кезінде Қазақстан БҰҰ мекемелерін, халықаралық қаржы институттарын, жеке секторды және ғылыми орталарды қоса алғанда, дамушы елдер тобы мен барлық мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты арттыру жүктелген. Сонымен қатар, жаңа жол картасы әзірленеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді