Жексенбі күні Иранның «Зафар» спутнигі Жер орбитасына жіберу әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Бұл туралы сол елдің мемлекеттік телеарналары хабарлады.
Иран Қорғаныс министрлігінің ғарыштық бағдарламалар жөніндегі өкілі Ахмел Хусейн мәлімдемесінде, «Зафар» жер серігінің Жер орбитасына кіре алмағанын, ұшыру кезінде тасымал зымырандарының қажетті жылдамдыққа жете алмағанын айтты.
«Зафар» спутник Теһранның оңтүстік-шығысындағы 230 шақырым қашықтықтағы Зейман провинциясына орналасқан Имам Хомейни ғарыш орталығында жүзеге асырылған. Бұл Иранның спутник ұшырудағы былтырдан бері ең кемінде үшінші рет сәтсіздікке ұшырауы.
Уашингтон болса, Иранның жер серік ұшыру бағдарламалары баллистикалық зымырандарды дамытуға көмектеседі деп айыптап келеді. Бірақ, Иран тарабы өздерінің ғарыш бағдарламаларының кемелдене түскенін айтады.


















Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр