Алматыда «Транзит кезеңіндегі БАҚ пен сөз бостандығының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара халықаралық журналистер федерациясының Қазақстандағы мүшесі — «Тең құқылы журналистер федерациясы» ұйымының бұрынғы президенті Розлана Таукинаның құрметіне арналды. Жиынға қоғам қайраткері Маржан Аспандиярова, журналист Рысбек Сәрсенбай, журналист Дина Елгезек, Оксана Макушина, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қатысты.
Транзит кезеңіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, Қазақстандағы сөз бостандығы мәселесін басты тақырып еткен жиында спикерлер дискуссия өткізді. Атап айтқанда, KZ.Media тілшісі Оксана Макушина «Транзит кезеңіндегі әлеуметтік медианың рөлі», журналист Дина Елгезек «Қазақ баспасөзінің транзитке ықпалы», Бақытжан Төреғожина «Ақпарат құралдарындағы саяси тұтқындар тақырыбы» жөнінде баяндама жасады.
Дискуссия барысында 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан ішінде журналистерге жасалған шабуыл, сөз еркіндігінің бұзылуы туралы ресми статистика ұсынылды. «Әділ сөз» ұсынған ресми мәліметтерге сүйенсек, сол аралықта Қазақстан бойынша 46 журналист ұсталған, 32 іс тіркелген.
Айта кетейік, Розлана Таукина — саналы ғұмырын сөз бостандығы жолындағы күреске арнаған журналист, құқық қорғаушы. «Максимум», «Караван» сынды ақпарат құралына жетекшілік еткен. Ол 1990 жылдардың басында Қазақстанда ең алғаш болып тәуелсіз «Тотем» телеарнасын ашты. Алайда телеарнаны оппозициялық деп таныған билік «толқын жиілігі жетіспей қалды» деген желеумен Розлана Таукина құрған «Тотемді» жауып тастады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті