Қытайдың қаржы министрлігі атышулы коронавирусты тоқтатуға 3,9 миллиард доллар қаражат бөлді.
Қаңтардың 29-ы қатерлі дерт ошағына айналған Қытайдың қаржы институты вирустың таралуын болдырмауға және бақылауға 27,3 миллиард юань бөлді. Қаражатты бөлу ҚКП Орталық Комитетінің (Қытай Коммунистік партиясы) және мемлекеттік кеңестің стратегиясына сәйкес жүзеге асырылған деседі.
Бүгін, 30 қаңтарда Қытайдың денсаулық сақтау басқармасы коронавирусты өлім мен инфекциялар саны туралы мәліметті жаңартты. Қайтыс болғандар саны – 170 адам және 7 711 ауруды жұқтырған, олардың 30-дан көбінің жағдайы ауыр.
Дейтұрғанмен бейресми деректер қытайда осы індетті жұқтырғандар мен қайтыс болғандар бұдан әлде қайда көп дегенді айтады.
Кейіннен Қытайдың басқа қалаларында, сондай-ақ Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, Финляндия және басқа елдердің азаматтары коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Қазақстан коронавируспен ауыратын науқастарға дербес диагноз қояды. Мұндай зертханалар денсаулық сақтау жүйесінде – Алматы мен астанада орналасқан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді