Астанада вице-премьер Бердібек Сапарбаев төрағалық ететін комиссия отырысы өтті.
Жиында Қытайдан тараған вирустың алдын алуға бағытталған қосымша қорғану шаралары қабылданып, қызметтік іссапарлар тоқтатылды. Қытайдан келетін транзиттік жолаушыларға ел аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимі және «Қорғас» орталығының қазақстандық бөлігінің жұмысы уақытша жабылды. Ақпанның бірі мен үшінде Қытаймен арадағы әуе, теміржол қатынасы да уақытша тоқтайды. Кешеден бері автобуспен қатынау тоқтады.
Бұған дейін Үкімет басшысы министрлерге атқарылуы тиіс бірнеше міндеттер жүктеген. Соның негізінде мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту, Қытайдан келген барлық адамға тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық бақылау орнату, ауруханалардың дайындығын қамту тапсырылды.
2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы карантинмен жапты. South China Morning Post хабарлауынша, бүкіл әлем бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 7711 адамға жеткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді