Былтыр желтоқсанда Алматы әуежайында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты Мейіржан Молдақұлов қайтыс болды.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханадан шығарылған 54 жастағы Молдақұлов үйінде дүние салған.
Ұшқыштың 5 қаңтарда ес жиып, жансақтау бөлімінен профильдік бөлімшеге ауыстырылғаны хабарланған. Ол ауруханадан 21 қаңтарда шығарылған еді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, 28 қаңтар кешкі 18.00-де жедел жәрдемге Молдақұловтың жағдайы нашарлағаны жайлы шақырту түскен. Жедел жәрдем дәрігерлері науқастың жүрек қағысын қалпына келтіруге тырысқанымен ажалдан арашалай алмады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел