Кремльдегі ресми кездесу мен келіссөздер аяқталғаннан кейін ИИР президенті Хасан Рухани мен РФ президенті Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге байланысты ортақ мәлімдеме жариялады деп хабарлайды ParsToday.
Иран мен Ресей президенттерінің "Ортақ стратегиялық ынтымақтастықтар" атты ортақ мәлімдемесі екі елдің әртүрлі, әсіресе екіжақты және аймақтық салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтудің көкжиегі мен шешім жолдарын қамтыған.
Ортақ мәлімдемеде, 2016 жылдан 2023 жылға дейінгі сауда және өндіріс саласындағы Иран мен Ресейдің ынтымақтастық жобаларының Жол картасын толығымен жүзеге асыру қажеттігі қуатталды.
Мәлімдемеге сәйкес, Иран мен Ресей екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін көтеру және ортақ стратегиялық ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында жаңа қадамдар жасауға дайын екендіктерін білдірді.
“The Qazaq Times”


















Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр