Бүгін президент Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік саясат жөнінде де сөз болды.
Вице-премьер Бердібек Сапарбаев былтыр 2,2 млн азаматқа 80 млрд теңгеге көмек берілгенін, ал биыл мұқтаж отбасынан шыққан 800 мың балаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіндігін айтты. Ал 1 қаңтардан бастап 372 мың отбасына 17 миллиард теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленіпті.
Отбасы табысына қарамастан төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақының мардымсыздығын айтып наразылық білдірген аналар бұрынғы сайлау қарсаңында тағайындалған АӘК-ні қайтаруды талап етіп келеді.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев:
– Екінші атаулы әлеуметтік көмек те ең кем дегенде біздің болжамымыз бойынша жүз мың отбасыға төленеді. Бұл жердегі ерекшелік - егер жұмысқа қабілетті азаматтар болатын болса, олар ұсынылған жұмысты істемейтін болса, онда атаулы әлеуметтік көмектен қағылады. Қосымша аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет осы айдан бастап беріле бастайды. Бұл көмекпен ең кем дегенде 200 мыңға жуық отбасы немесе 600 мың бала қамтылады, – деді.
Қазақстанның экс-президенті орнынан кетер тұста әрбір балаға төленетін 21 мың теңгелік жәрдемақы тағайындап, кейіннен сайлау өткен соң, күз кезінде «АӘК-ні ығыстыруы мүмкін» әр балаға 10 500 теңгеден төленетін жаңа жәрдемақы таныстырылды. Ал әлеуметтік әлжуаз топтағы отбасылар мен мүгедек бала тәрбиелеп, баспанасыз жүрген аналар Шымкент қаласы мен астанада бірнеше рет наразылық жиындарына шықты. Аналардың наразылығы үкімет отырысында айтылмады.
Әлеуметтік желіде «тілі қазақшаға жүйрік бұрынғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың кезінде бүкіл жиын, әсіресе, айтулы кеңейтілген отырыстар тікелей эфирде берілуші еді» деп президенттің қатысуымен өтіп жатқан жылдық жиынның жабық өтуін сынап жатыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел