Мьянмадағы мұсылмандарға бағытталған қырғыншылыққа қатысты БҰҰ-ның Гаагадағы соты соңғы шешімін жария етпек. Мьянма үкіметі 600 мыңнан астам рохинджа мұсылмандарына қарсы геноцид жасады деп айыпталғаны белгілі. Егер бұл айыптау тұрақтандырылса, БҰҰ тарабынан рохинджаларды қорғауға алуы мүмкін.
Мәселенің халықаралық сотта қаралуы және геноцид айыбының тағылуы Мьянма лидері және Нобелдің бейбітшілік жөніндегі сыйлығының иегері Аун Сан Су Чжидың беделіне үлкен нұқсан келтіргені анық. Ол Гаагадағы сотта Мьянма үкіметінің позициясын өзі қорғап жатыр.
Естеріңізде болса, 2016 жылдың қазан айы және 2017 жылдың желтоқсанында Мьянма қарулы күштері рохинджалар қоныстанған Ракхайн аймағына әскери операция жүргізген болатын. Мьянма билігі бұл әскери операцияның бенгалдық лаңкестерге бағытталғанын айтады. Бірақ, соның нәтижесінде 900 мыңға жуық рохинджа көршілес Бангладешке қашып өткен еді.
Осы оқиғаға байланысты «Шекарасы дәрігерлер ұйымы» жасаған мәлімдемеде, 6700 рохинджа қаза тапқаны, оның 700-ден астамы балалар екені айтылған еді. 2018 жылы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті рохинджаларға қарсы массалық қырғын және геноцид белгілері болған деп айыптады. Бірақ, Мьянма билігі бұл айыпты жоққа шығарды және қарулы әрекетті қарақшыларға қарсы жасағанын айтты.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?