Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шығуға дайын. Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон хабарлады.
13 желтоқсанда елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп, нәтижесінде басқарушы партия жеңіске жеткен болатын. Кейіннен премьер-министр Борис Джонсон 31 қаңтарға белгіленген жоспар Лейбористер партиясының қарсылығына қарамастан міндетті түрде жүзеге асаады деп уәде берді.
Brexit заң жобасын Қауіпсіздік палатасы, британдық парламенттің лордтар палатасы мақұлдауы тиіс. Соңында құжатқа патшайым ІІ Елизавета қол қояды. Барлық тараптар келісімге келгеннен кейін Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы туралы құжат заң күшіне енеді. Демек, бұл — Ұлыбритания мен ЕО-ға жақын күндері жасалуы керек Brexit келісімін ратификациялауға мүмкіндік береді.
25 қаңтар Еурокомиссияның (ЕК) басшысы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель Брюссельде қажетті құжаттарға қол қояды, ал 29 қаңтарда келісімді Еуропалық Парламент аяқтайды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы