Өзбекстан үкіметі Олий Мажлистің (парламенттің төменгі палатасы) жаңа құрамының алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлер кабинеті өкілдерінің өкілеттігі ел Конституциясының 98-бабына сәйкес тоқтатылған. Бұл құрам жаңа құрам тағайындалғанға дейін жұмысын жалғастыратын болады. Енді жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.

24 желтоқсанда Өзбекстанда парламент сайлауы қорытындысы бойынша президент Шавкат Мирзиеевтің либерал-демократиялық партиясы жеңіске жеткен болатын. Кәсіпкерлер мен іскер адамдардың саяси қозғалысы Олий Мәжілістің заңнамалық палатасынан ең көп орын алған. Оларға 43 мандат үлестірілмек. Елдің Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіштері бойынша алдын ала мәліметтер жариялады. Оған сәйкес өзбекстандықтардың 70%-ы өз таңдауын жасаған. Яғни шамамен 19 млн-ға жуық адам дауыс беруге қатысқан.

Парламенттік сайлауға қатысқан басқа төрт партия да төменгі палатаға өткен. Орталық сайлау комитетінің ресми мәліметінше, Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы (президент Шавкат Мирзияев осы партияның мүшесі) – 43;

«Миллий тикланиш» («Ұлттық жаңғыру») демократиялық партиясы – 35; «Адолат» социал-демократиялық партиясы – 21;

Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы – 18;

«Өзбекстан экология қозғалысы» – 11 орынға ие болған.

"The Qazaq Times"