Техникалық тексеріс кезінде екі ірі апаттан кейін ұшуы тоқтатылған Boeing 737 MAX лайнерінің бағдарламалық жүйесінен тағы да ақау шықты.
Times таратқан мәліметке қарағанда, борттағы 2 компьютер бір-бірімен байланыс орната алмаған. Бұл аталған ұшақтан табылған алғашқы ақау емес. Бұған дейін мамандар лайнердегі екі тоқтың өзара жақын орналасуынан шикілік тапқан болатын.
Былтыр 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған болатын. 2018 жылы қазанда Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді. Араға санаулы күндер салып, Американың Джексонвилл қаласындағы өзенге Boeing 737 жолаушылар ұшағы құлады. Осы оқиғадан кейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды. Сонымен қатар, жақында Уфа қаласында дәл осы Boeing 737 NG ұшағы көкке көтерілмей қалған. Бортында 123 жолаушысы болған әуе кемесі енді ұшуға талпынғанда, қанат тұсында дабыл қаққыш іске қосылған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді