АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкция көлемін ұлғайтты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.
Жаңа қаулы бойынша Пхеньян мен Бейжіңнің екі компаниясына шектеулер енгізілді. Солтүстік Корея Уашингтон санкциясы жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
14 қаңтарда АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану туралы келіссөзді қайта бастауды ұсынған болатын. Ақ үй басшысының ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайеннің айтуынша, Уашингтон Пхеньянды Стокгольмдегі кездесуді жалғастыруға шақырып отыр.
2018 жылы маусымда Сингапурда Трамп пен Ким арасында «тарихи саммит» өтті. Кездесуде КХДР басшысы ядролық қарудан бас тартып, Құрама Штаттың экономикалық демеуін қабыл алатынын айтқан. Екі ел арасындағы қарқынды диалогтар, дипломатиялық іштесуге қарамастан ядролық қарусыздан процесі алға баспай-ақ қойған еді. Бірақ, АҚШ президенті Пиоңяңмен мәміленің жақсарып келе жатқанын, аталған міндетті жүзеге асыра алатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр