АҚШ пен Филиппин терроризмге қарсы күрес негізінде екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты өте жоғары деңгейде дамытпақ. АҚШ армиясының баспасөз өкілі Маккарти бұл қадамдар артып келе жатқан Қытай қаупіне қарсы жасалып отырғанын растаған.
Маккартидың айтуынша, былтыр көктемде АҚШ әскерлері Филиппин жерінде сол елдің жауынгерлерімен бірге жаттығу өткізген. «Біз Филиппинге көп мөлшерде инвестиция салудың жолдарын қарастырып келеміз. Қазір, екі елдің арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы биік деңгейге көтерілді. Және біз осы қарым-қатынасты тіпті де дамыта беруге тырысамыз», – деген Маккарти.
Филиппиннің Оңтүстік қытай теңізінде Қытаймен даулы су айдындарындағы егемендік құқықтарын қорғауға АҚШ қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе, Теңіз армия қосындары мен әуе күштері таласты аймақтар мен маңызды су жолдарында терроризмге қарсы бірлескен күрес жүргізуде.
Соңғы жылдары АҚШ ұлттық қорғаныс стратегиясын жаңалап, Қытайдың Үнді және Тынық мұхиты аймағында жыл сайын артып келе жатқан қауіпіне қарсы әрекет бастады. Айталық, Оңтүстік қытай теңізі және Тынық мұхиттағы аралды мемлекеттермен қорғаныс ынтымақтастығын дамытты. Оңтүстік Корея, Жапония, Тайуан (Тайвань), Филиппин, Вьетнам және Аустралия қатарлы елдермен құрған қорғаныс ынтымақтастығы Қытайдың шығыс, оңтүстік шығыс және оңтүстігіне қарай әскери, саяси ықпалының кеңеюіне тосқауыл болуы мүмкін.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді