Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен екі айға түрмеге жабылған Қызғызстанның оппозициялық "Ата-мекен" партиясының көшбасшысы Өмірбек Текебаевтың жақтастары Бішкектің орталығындағы Ескі алаңға ереуілге шықты деп хабарлайды РИА агенттігінің тілшілері.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 26 ақпан күні Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясының сессиясынан оралған Текебаевты ұстаған болатын. Республиканың Бас прокуратурасы саясаткердің және басқа да тұлғалардың үстінен "сыбайлас жемқорлық" және "алаяқтық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Аудандық соттың шешімі бойынша, Текебаев екі айға түрмеге жабылған. Ал қорғаушылар жоғарыда айтылған инстанцияға байланысты апелляциялық шағым беріп, үй қамаққа шығаруды өтінген болатын.
Қырғызстанның Жоғарғы соты ғимаратының алдына жиналған халық, жақтастарының үстінен қозғалған іс бойынша, апелляция шағымын орындауды талап етуде. Жоғарғы сот қорғаушылардың өтінімін жауапсыз қалдырғандықтан, халық осындай әрекетке барып отыр.
Митингке қатысушылар Текебаевқа қатысты қылмыстық істің саяси астары бар екендігін алға тартып, "өзгеше ойлайтындарға" қарсы «қуғынды» тоқтатуды талап етуде.
"Ата-мекен" партиясының парламенттегі депутаты Алмамбет Шыкмаматов: "Біз бұл іс жөнінде халықаралық соттарға арыз беріп, елде болып жатқан "былықтарға" әлемнің назарын аударта аламыз" - деп, мәлімдеуде.
Текебаев республикадағы "Ата-мекен" халықтық партиясының негізін қалаушы және көшбасшысы болып табылады. Партия - 2005 жылы (нәтижесінде алғашқы президент Асқар Ақабаев биліктен кетті) және 2010 жылғы (нәтижесінде Ақабаевтың орнына келген Құрманбек Бакиев биліктен кетті) қырғыз революцияларының белсенді қатысушы болған. Социалистердің көшбасшысын ұстағалы бері елдің оңтүстік аймағы мен саясаткердің туған өңірінде халық жаппай митингтер мен ереуілдер ұйымдастырып жатыр.
«The Qazaq Times»