Украина президенті Владимир Зеленский Иран билігінің Boeing ұшағын атып түсіргені жөнінде ресми мәлімдеме жасады.
Зеленский Twitter парақшасындағы жазбасында: «Бүгінгі таң жақсы басталған жоқ, бірақ шындықтың бетін ашты. Халықаралық комиссия жұмысы аяқталмай тұрып, Иран украиналық ұшақты атып түсіргенін мойындады. Енді қателіктерін толыққанды мойындауын талап етеміз», – деді. Сонымен қатар, ол Иран билігінен ашық тергеу, зерттеулерге дайын болуды талап етті.
Бүгін таңертең Иран СІМ басшысы Теһрандағы ұшақ апатының себебі АҚШ-тың «авантюризмі» салдарынан дағдарыс кезеңінде жасалған қателік екенін айтты. Яғни Иран билігі украиналық ұшақтың байқаусызда атып түсірілгенін ресми мойындады.
8 қаңтарда Теһрандағы халықаралық әуежайдан Киевке ұшып шыққан «Украинаның халықаралық әуе желісі» компаниясына тиесілі «Boeing-737-800» ұшағы құлады. Ұшақта болған 176 адам: 167 жолаушы және 9 экипаж мүшесінің бәрі қаза болды. Дәл сол күні бірнеше сағат бұрын Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын зымыранмен атқылаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы