Астана әкімдігінің алдына 9 қаңтар сағат 11:00 шамасында астаналық суретші Асхат Ахмедияров арқасына шенеунік үлгісіндегі костьюмнің оң жағын киіп, елорда мәслихат ығимаратының алдына келген. Белсендінің перформансы әлеуметтік желі мен интернет сайттарында таралып жатыр.
Ол қолына «Мен ерекше елде туылдым (тудым – ред.)» деген жазуы бар 14 жастағы мүгедектігі танылған Аида Әбдіжаппаровамен бірге шықты. Аида – белгілі құқық қорғаушы, адвокат Болатбек Біләлов пен Ақмарал Біләлованың қызы. Біләловтар отбасының жақын танысы «креативті қарсылық акциясын» өткізуге мәжбүр екенін айтады.
– Ирония мәніндегі акцияның идеясы – былтыр жыл басында бес сәбидің қазасынан кейін билік мәселені шешуге тырысты, бірақ мүгедектердің жағдайына келгенде өзін саудагер сияқты ұстайды. Теріс қарап тұрып сөйлеседі, халықтың мүшкіл хәліне мойын бұрғысы келмейді, – деді ол бізге.

13 жылдан бері баспана мәселесінен әбден қажыған Біләловтер отбасы. Фото: facebook желісінен
Үш перзент, соның ішінде туғанынан бері мүгедек қыз тәрбиелеп отырған Біләловтер әлі күнге дейін баспанасыз. 13 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған қиын жағдайдағы отбасының бармаған, табалдырығын тоздырмаған мекемесі жоқ. Акцияны ұйымдастырушы:
– Мені өнер адамы, суретші ретінде әлеуметтік құқығынан қағылған баланың жағдайы қатты алаңдатады. Аида екеуміз сал ауруымен ауыратын баласы бар әлеуметтік әлжуаз отбасы мен астана әкімдігінің диалогына қоғам назарын аударту үшін осындай протеске бардық. Халқына сыртын беріп тұрып қоғамдық диалог орнатуға тырысатын «ерекше» еліміздің билігі оң шешім шығарған күні спектакльдің соңында костьюмімді оңына қаратып, дұрыс киініп келемін, – дейді Ахмедияров.

Астана әкімдігінің алдында өткен «Мен ерекше елде тудым» ирониялық акциясы. Фото: Асхат Ахмедияров
Белсенді суретшінің сөзіне қарағанда, полиция оларды ұстамаған әрі әкім кеңесшісі «аталған санаттағы азаматтарға тұрғын үй салынатыны туралы уәдемен» шығарып салған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді