Испания премьер-министрі Педро Санчес пен Каталония министрлер кабинетінің басшысы Ким Торра Ибер патшалығының үкіметі құрылғаннан кейін ресми кездесу өткізбек. Бұл туралы елдің министрлер кабинеті хабарлады.
Тараптар елдегі саяси-экономикалық мәселелер жөнінде келіссөздер жүргізбек. Себебі Каталония тәуелсіздігі жөнінде мәселе ел экономикасын тығырыққа тіреді. 7 қаңтарда Испания депутаттарының конгресі (парламенттің төменгі палатасы) премьер-министр қызметіне Санчестің кандидатурасын мақұлдады. Келесі аптада ол жаңа үкімет құрамын бекітуі тиіс.
Ресми мәліметтер бойынша, 2018 жылы Католония дағдарысы Испания экономикасына 1 млрд еуро шығын келтірген. Негізінен Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуға қатысты әрекеті 2017 жылы қазанда басталған. Мемлекеттің тәуелсіздік үшін күресі 2018 жылы жаңа сипат алды. Себебі тәуелсіздік үшін болған өңірлік сайлауда сепаратистердің дауысы басым түсті. Ал осыдан кейін Испания үкіметінің басшысы Мариано Рахой Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пуджемонт пен біраз саясаткерлерді қызметтерінен шеттеткен еді.
Айта кетейік, Каталония – өзінің салт-дәстүрі мен тілі, 7,5 млн халқы бар автономия. Франциямен шектеседі және Испания өндірісінің бестен бір бөлігін құрайды. Ал егер Каталония дербес мемлекет болатын болса, онда оның ЖІӨ Португалия мен Финляндия елдерінің көрсеткішімен тең болуы мүмкін.