Биыл Үкімет Парламент қарауына жалпы саны 32 заң жобасын енгізген. Бұл жөнінде Үкімет отырысында әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.
Баяндамада айтылғандай, бұл заң жобалары түрлі салаларды одан әрі дамытуға бағытталған. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт, әскери қызмет және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары т.б.
Алдағы жылы «Ерекше тауарларды бақылау туралы», «Өсімдіктер әлемі туралы» және «Ардагерлер туралы» жаңа жекелеген заң жобаларын әзіреу көзделіп отыр. Жоспар жобасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын, сондай-ақ президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірқатар заң жобалары көзделген.
Олар: мемлекеттік сатып алулар, дене шынықтыру және спорт, аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобалары. Мәселен, мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу сатып алу рәсімдерін оңайлату және өткізу рәсімдерінде артық реттеуді жою нәтижесінде мемлекеттік сатып алуларды тиімді өткізуге ықпал ететін болады.
Әзірленетін заң жобаларының ең көбі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиесілі, әрқайсысы 3 заң жобасынан әзірлейді. Қаржы, ұлттық экономика, сыртқы істер, мәдениет және спорт, геология және табиғи ресурстар, министрліктері екі заң жобасынан әзірлейтін болады. Қорғаныс министрлігі бір заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар, жоспар жобасында қарастырылған 17 заң жобасынан 2020 жылдың І жарты жылдығында Парламентке 8 заң жобасын, ал ІІ жарты жылдықта 9 заң жобасын енгізу көзделген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы