Бүгін таңертең сағат 7:22-де Bek Air ұшағы Алматы әуежайынан бір шақырым қашықтықта Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылындағы иесіз екі қабатты үйге құлаған. Жалпы 15 жолаушы қаза тапқан. 

Өкініштісі, бұл Fokker 100 ұшағының алғашқы апаты емес. 3 жыл бұрын дәл осындай әуе лайнері елорданың әуежайына апатты жағдайда қонған болатын. Ол да «Бэк эйр» компаниясының ұшағы еді. Ол жолы ұшқыштар ұшақты алдыңғы шассисіз қондыра алды. Сол кезде ұшақта 121 адам болды. Оның бесеуі – экипаж мүшелері.

Әлемдік тәжірибеде Fokker 100 ұшағы алғаш рет Солтүстік Македонияда құлаған. Бұл – 1993 жылы болған оқиға. Бүгінге дейін осындай 17 ұшақ апатқа ұшыраған.

"The Qazaq Times"