Бүгін Ақсу аудандық сотында «шетелдіктермен төбелесті» делінген Қызылағаштың бес тұрғынына үкім оқылды.
Азаматтардың адвокаты Жанар Балғабаеваның хабарлауынша, сот Берік Рысалдинов пен Сарқыт Салхановтың әрқайсысының бас бостандығын екі жыл алты айға шектеді. Қалған үш азамат: Нұрбол Мұхаметалин, Бейбіт Мұхаметалин және Еркін Салхановтың бас бостандығы екі жылға шектелді. Сот сонымен бірге бес азаматқа 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуді міндеттеді.
Биыл 8 қазанда Қызылағаш ауылының бес азаматы бір топ қытай жабылған төбелесінен зардап шеккен қазақтың есесін қайтармақ ниетпен Қытайдың жиырма шақты азаматын соққыға жығып, оның 11-і жеңіл, үшеуі орта деңгейде жараланған. Бір қызығы, қытай азаматтары еліне қайтарылып, бес қызылағаштыққа қатысты Қылмыстық кодекстің «қару немесе суық қару қолданып денсаулыққа зиян келтіру» (293-бап) бабымен іс қозғалған.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жанжал алдымен Қытайдың төрт жұмысшысы арасында басталып, кейін төбелеске ұласқан. Барлығы – «Citic Construction» компаниясының жұмысшысы. Төбелестен Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар Қытай азаматы, этникалық қазақ жарақаттанған.
Департаменттің мәліметінше, «келесі күні жергілікті тұрғындар мен "Citic Construction» компаниясында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары "істің байыбына бармай Қытайдан келген жұмысшыларды ұрып-соққан". Этникалық қазақпен төбелескен Қытай азаматтары әкімшілік жазаға тартылып, 10 күнге қамалған. Кейін олардың елден шығарылғаны да хабарланған. Тексеріс кезінде «Сitic Constraction» компаниясында 33 шетелдік заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр