Табиғи уранның ірі өндірушісі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабар бойынша, тексеріс нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықты жою туралы ұйғарым жасалған. Сәйкесінше, құзырлы органдар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғап, әкімшілік жаза тағайындаған.
«ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті уран экспорты мен импорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы мәртебесіне ие «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында табиғи уранды жөнелту, персоналды оқыту және физикалық қорғау жоспарының болуы кезінде уәкілетті органды уақтылы хабардар етпеу бөлігінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуы анықталды», – делінген ведомство хабарламасында.
Әсілінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран, сирек металдар, атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. 2009 жылдан бері Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы.
Ұлттық атом компаниясының активтері геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклының өнімдерін өндіруден бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету және маман даярлауға дейінгі түпкі өнім өндіру тізбегіне қатысатын кәсіпорындар кешенін қамтиды. Бірақ 21 мың адамды қызметпен қамтып отырған компания өндірісінің 100%-ы шетелге экспортталады. Әлемдік уран өндірісіндегі компания үлесі 23%. Былтыр компанияға өнім сатудан және қызмет көрсетуден 436 632 миллион теңге табыс түскен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді