Түркия Қазақстанның топ-инвесторлары қатарына енді.
Ресми мәліметтер бойынша, биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстан экономикасына құйылған түрік инвестицияларының көлемі 85%-ке артып, 275 миллион АҚШ долларына жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жеткізу көзделген. Бұл жоспар «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына сәйкес жүзеге асып отыр.
Қос мемлекет арасындағы байланысқа тоқталып өткен Экермен Ronesans холдингі басқарма мүшесі Каан Кемал: «Қазақстанда инвесторларға арналған шетелдік мекеме-орталық-өңір форматында үш деңгейлі жүйесі жұмысымызды жеңілдетті. Еліңіздің елшілігі арқылы жобамыз туралы толыққанды ақпаратқа қол жеткіземіз. Бұл біз үшін өте маңызды. Қазақстанда бірқатар құрылыс жұмыстарын атқардық. Келесі мақсатымыз – мемлекеттікжекеменшік әріптестік негізінде аурухана құрылысын бастау. Біз тап осы жоба бойынша Түркияда 4 аурухананы іске қостық», — дейді.
Негізінен Түркия – Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. Қазіргі уақытта түрік капиталының қатысуымен 4200-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Үкімет басшысы Асқар Маминнің қараша айындағы сапары аясында құны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 18 құжатқа қол қойылған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы