Кеше Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының алматылық мүшелеріне арнайы грант табыстады.
Кездесу барысында шығармашыл 60 жазушы әкім грантының иегері атанды. Бұған дейін атаулы грантты 90 жазушы, ақын және әдеби сыншылар алған болатын. Әр грант иегеріне 500 мың теңге көлемінде сертификат ұсынылды.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, грант жас жазушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға қолдау көрсету және қалыптасқан сөз зергерлерін атап өту жөніндегі игі шаралардың бірі болып табылады.
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде кітап шығару бойынша, Жазушылар үйін жөндеу ісінде, шығармашылық конкурстарды өткізуде қаланың тиісті қолдау көрсететінін атап өтті.
Алдағы жылы жазушылар мен ақындар келер жылы Абай мен әл-Фарабидің құрметіне өтетін мерейлі шаралардың, сонымен қатар Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтудің контентін қалыптастыруға өз үлестерін қоса алады.

Грант иегерлері. Фото: Алматы әкімдігі


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді