Мәскеудің қала орталығына орналасқан Федералдық Қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ/ФСБ) бас ғимаратында атыс болып, кемінде бір адам қаза тапты, бес адам жарақат алды. Күдікті полиция жағынан оққа ұшқан.
«ИнтерФакс» таратқан хабарға қарағанда, қолына қару алған ер адам ФҚҚ ғимаратының кіреберіс есігінде оқ жаудырған. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі екі қауіпсіздік қызметкерінің ауыр жарақат алғанын мәлімдеген, кейін ФҚҚ бір офицердің қаза тапқанын мәлімдеді. Бірақ, қаза тапқан қауіпсіздік қызметкердің ауыр жарақат алған екі адамның бірі ме, жоқ, бұл туралы анық мәлімет бермеген.
Ақпарат құралдары бұл қарулы шабуылды Путиннің жылдық баспасөз жиынына орай жасалған деген болжамдар айтуда. Себебі, шабуыл Путиннің баспасөз жиыны аяқтала салып көп өтпей орын алған. Оның үстіне дәл осы кезде Путин арнайы қызмет өкілдерін мерекелерімен құттықтап жатқан екен.
Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеолардан ФҚҚ бас ғимараты маңындағы мылтық дауысы естіледі және полиция қызметкерлерінің қарбалас әрекеттерін көруге болады.