Мемлекет басшысы Тоқаевтың жарлығымен Ақордада бірқатар кадрлық тағайындаулар жасалды. Президентінің әкімшілігі бастығының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды. Ұзақ жылдар бойы депутат және үкімет вице-министрі болған қазіргі президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бірінші орынбасары қызметіне Мәулен Әшімбаев қайта (2006-2011 ж.ж. осы лауазымда болған – ред.) келді. Мәулен Әшімбаев былтыр ақпаннан бастап «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, ал биыл шілдеден бері мемлекет басшысының көмекшісі болғанын еске салған жөн.

Саясат ғылымдарының докторы дәрежесіндегі мемлекеттік басқаруда 25 жылға жуық тәжірибесі бар Дархан Кәлетаевтың не үшін босатылғаны немесе қайда орын ауыстырары әзірге белгісіз. Ол соңғы онжылдықта «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры, сенат депутаты, министр, үкімет басшысы кеңесінің төрағасы, ПӘ бастығының орынбасары қызметтерінде болды. «Құрмет» орденінің иесі Кәлетаев соңғы қызметіне 25 наурызда кіріскен болатын. Әртүрлі бейресми ақпарат көздерінің ақпараты бойынша, экс-шенеуніктің үстінен расталмаған тексерістер жүріп жатқан көрінеді.

"The Qazaq Times"