Париж қаласында өткен "Норманд Форматы" келіссөзі ең негізгі мәселелерді шеше алған жоқ. Бірақ Ресей мен Украина арасында жыл соңына дейін тұтқындарды босату туралы келісім жасалды және төрт ай ішінде төрт елдің лидерлері қайыра кездесуге уәделесті.
Кездесуде шекара бақылауын Украинаға беру, шығыс аймақтарда сайлау өткізу және Ресей газын Украинадан өткеру сынды негізгі мәселелер шешімін таппады. Бірақ, Франция мен Германия басшылары кездесудің бітімгершілік бағыты басым, "зор үміт бар" деген бағаларын берді.
Зеленский кездесу туралы пікірінде: "Біз Ресеймен диалогты жандандырдық, бұл – жақсы факт", – деді. Ал, Ресей президенті Путин болса: "Қандайда бір жұмсарғандық бар ма? Менше бар" – деген.
"Норманд Форматы" үш жылдан бері алғаш рет өткізіліп отыр, сондай-ақ бұл, Зеленский мен Путин арасындағы да алғашқы ресми кездесу. Бұл рет келіссөз Украина шығысындағы қайшылықты шешу мақсатында өткен болатын. Көп жақты пікірлердің болжағанындай бұл шиеленістер бір реткі келіссөзде шешім таба қойған жоқ. Бірақ, сарапшылар Париж келіссөзі Ресей-Украина арасындағы келіссөзге жол ашты деп бағалап отыр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді