Өткен аптада Израиль Асдуд атты әуе базасында жаңа зымыран сынағын сәтті өткізгенін хабарлады. Иран Ислам Республикасы Израильдің зымыран сынағын айыптап, бұл әрекет Батыс Азияның тіпті де әскериленуіне түрткі болатынын айтқан.
Теһран мәлімдемесінде Израильдің Батыс Азиядағы (Батыста Таяу-Шығыс деп аталады) бірден бір ядролық қаруға ие ел екенін және сынақтан өткізілген зымыранның ядролық оқ тұмсық тасымалдауға қабілетті екенін баса айтады. «Иран ядролық қарудан азат аймақ ұстанымын жалғастырып жатқанда, Израиль зымыран сынағы арқылы өзінің ядролық және зымыран күш-қуатын арттырып отыр», – дейді Теһран мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, Иран Израильді халықаралық келісімдерді орындамай келеді деп айыптайды. Теһранның айтуынша, 80-нен астам ядролық қаруға ие Израиль халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді орындамай келеді. Тіпті, ядролық қаруды таратпау туралы NPT келісіміне қол қоймағанын алға тартады.
Иран Батыс елдерінің Израиль өткізген зымыран сынағына реакция танытпағанына наразы. Елдің СІМ басшысы Жавад Зариф өзінің «Твиттер» парақшасында: «Батыс алпауыттары Батыс Азиядағы жалғыз ядролық арсеналы бар елдің зымыран сынағына үнсіздік танытып отыр. Ал, Иранның өзін қорғау үшін дамытқан қорғаныс құралдарына Батыс елдерінің «жүрегі ұстап қала», –деп жазды.
Иран тарабы Батыс елдерінің бұл әрекеті ядролық қару мәселесінде Батыс елдері заңсыз және әділетсіз көзқараста отыр деп санайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау