Төрткүл дүниеге белгілі Google корпорациясының негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet холдингіндегі қызметінен кетті.
Осыған дейін Ларри Пейдж бас директор, Сергей Брин компания президенті еді. Бұдан былай алпауыт компанияны Google-дың бас директоры Сундар Пичаи басқарады. Ол бас директор болады, ал президент деген лауазым алынып тасталмақ.
Google-дың іргесін қалаушылар енді Alphabet-те директорлар кеңесінің мүшесі, акционер ретінде компанияның дамуына қатысады. Пейдж бен Брин «егер компаниямыз адам болса 2019 жылы 21 жасқа толатын еді. Бұл АҚШ-та толық кәмлетке толған адам саналады. Баламыздың ұясын тастап шығатын уақыты келді», – деді олар.
Alphabet – Google-дың бас кеңсесі саналатынын айта кеткен жөн. АҚШ-та (Калифорния штатында) орналасқан Alphabet холдингіне Google және оған қарасты бірнеше еншілес компаниялар кіреді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді