Мадрид қаласында климат өзгерісін тақырып еткен саммитте жария болған мәліметтерге қарағанда 2019 жыл жер климатын бақылауға алғаннан бергі ең жоғары температурада болған. Әлемнің әр еліндегі климат өзгерістерін бақылаушы ұйымдар Жер тарихында 2010-2019 жылдар аралығында орташа температура жылдам жоғарылаған.
Тарихта ауа температурасы 1850 жылдардан бастап бақылауға алына бастады. Ал, биыл қаңтар мен қазан айына дейінгі орташа температура 1850 жылғымен салыстырғанда 1,1 С° жоғары болған. Биыл әлемнің көптеген елдерінде жоғары температура рекордтық деңгейге дейін жетті. Айталық, шілде айында Францияда 46 С° ыстық болып, бұл ел тарихындағы рекорд ретінде тіркелді. Еуропаның қоңыр салқын климатымен салыстырғанда бұл аса жоғары температура саналады.
Дүниежүзілік Метеорология ұйымы бұндай жоғары температураны парник газдарың ауаны ластауынан, көліктерден шығатын зиянды түтіндер және орман өрттерінен болғанын айтады. Бұған қоса былтыр ауаға тарайтын зиянды газдардың мөлшері адамзат тарихындағы ең жоғары шекке жеткен. Сондай-ақ, аталған ұйым 1993 жылдан бергі жасанды жер серіктерінен түсірілген суреттерді салыстыра зерттей отырып, соңғы жылдары оңтүстік-солтүстік полюстағы мұздардың теңдей еріп жатқанын дәлелдеді.
Климат өзгерісінің кері әсерлері теңіз жағалай орналасқан елдерде көбірек көрінді. Алайда, құрлықтық елдердегі зардабы толық анықталып болған жоқ. Адамзат қоғамының жарақсыз шығарындылары тарихатты, айналып келіп өзін тығырыққа тіреу алдында.