Өткен сенбіде The New York Times басылымы Қытай Коммунистік партиясының бірқатар құпия құжаттарын жария етті. Аталған басылымға ҚКП құпия құжаттарын аты-жөнін жасырған қытайлық жоғары лауазымды берген деген мәліметтер де бар. Бұл құжаттар Шынжаң мәселесінің, ондағы аз санды ұлттарға көрсетілген қысымның Қытай басшысы Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин/Xi Jinping) нұсқауымен болғанын дәлелдейді.
ҚКП-ның 400 беттен асатын құпия құжаттары Шынжаңдағы қазақ, ұйғыр және басқа да аз санды ұлттарға көрсетіліп жатқан қысымның негізі деуге де болады. Онда аз санды ұлт өкілдерін ұлттық, діндік сенімдерінен ажырату үшін «Білім беру орталықтары» деп аталатын лагерлерге қамау және басқа да әрекеттер толығымен, егжей-тегжейлі көрсетіледі. Тіпті, лагерлерге қамалған ата-аналардың Ішкі Қытайдағы немесе шетелде оқып жатқан балаларына қалай түсіндіру керектігіне дейін көрсетілген.
Анығында, The New York Times басылымы ҚКП-ның 403 бет ішкі құжатын қолға түсірген. Бұл Қытай қызыл партиясының соңғы он жылдықтардағы ең үлкен жоғалтуы деуге болады. Бұл құжаттар Қытай билік партиясының шын бейнесін әлем алдында ашып тастады десе де болады. Аталған басылым хабарында: «Бұл құжаттар Қытайдан сыртқы әлем үшін үш жыл бұрын басталған және қазір де Шынжаңда болып жатқан жағдайлардың шын мәнін түсінуге мүмкіндік берді», – деген.
Құжаттың қалай жинақталып, қалай шығарылғаны туралы анық мәлімет жоқ. Тек, аты-жөнін білдіргісі келмеген Қытай билік партиясының өкілі бергені туралы айтылады. Дегенмен, аталған құжаттар Қытай Коммунистік партиясының Шынжаңға бағыттаған қысымының жұрт ойлағаннан да ауыр екенін түсіндіреді. Әрі, Бейжің билігінің Мау Зыдоң (Мао Цзэдун) дәуірінен бері Шынжаңды қандай қысым астында ұстап келгенін көрсетеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді