Алматыда жыл басынан бері 30 кісі иісті газдан уланған.
Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапаны бақылау департаментінің бастығы Айзат Молдағасымова:
– Жыл басынан бері 10 төтенше жағдай тіркелді. 30 адам газдан және жанған заттардың түтінінен уланды. Оның 19-ы – балалар. Оқиғалардың бірінде табиғи газ таралып, ауа-газ қоспасы жарылған. Салдарынан екі адамның денесін (80 - 100%) күйік шалып, көз жұмды. Үш жағдайда 8 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, қалған 7 жағдайда – 27 адам орташа және жеңіл дәрежеде жарақат алды, – дейді.
Он төтенше жағдайдың үшеуі 2019 жылдың қаңтар-мамырында болды. Онда алты адам зардап шекті. Жеті жағдай 1 қазан – 14 қараша аралығында тіркелді. Бұл кезде 24 адамға көмек көрсетілді.
«Бұл ретте, 4 жағдайда адамдар иісті газға қатты отынмен жанатын пештердің ақауынан, 4 жағдайда газ қазандықтарынан газдың шығуынан және бір жағдайда үй иесінің немқұрайлылығынан баллоннан пропан газының шығуынан уланған», – делінген департамент хабарламасында.
Табиғи газдың таралуынан екі төтенше жағдай орын алды. Біреуінде ауа-газ қоспасы жарылып, бір адам мерт болды. Енді бірінде – үйден өрт шығып, тұрғындар ыстан уланған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді