Еуропалық одақ қазіргі кезде Еуропа елдерінің Қытайда тұратын елшілерін Шынжаңға жіберу мәселесін талқылауда. Олар Бейжің билігі Шынжаңдағы аз санды ұлттарға қысым көрсетіп отыр деп айыптайды. Бірақ, «Рейтер» агенттігі кеше Бейжің мен Брюссельдегі ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып таратқан хабарында, ЕО елшілеріне ұсынылған кейбір шарттар орындалмаса, Қытай үкіметі бұған жол бермейтінін айтқан.
«Рейтердің» хабарына қарағанда, Бейжің тарабы билы наурыз айында ЕО елшілерін Шынжаңға баруға шақырған. Алайда, ол кезде ЕО тарабы бұл сапарға «мұқият дайындалу керектігін» айтып, шақыруды қабыл алмаған. Егер «Рейтердің» хабарына сәп салар болсақ, ЕО тарабының бұл шақырудан не үшін бас тартқанын түсінуге болады. «Рейтердің» аты-жөнін білдіргісі келмеген бірқатар дипломаттардың мәліметіне сілтеме бере отырып таратқан хабарына қарағанда, Қытай тарабы ЕО елшілерінің Шынжаң сапары үшін негізссіз шарттар қойған. Оның ішінде Шынжаңдағы ҚКП жоғары лауазымдысы Чын Чуангомен кездесуге тыйым салғаны да бар. Бұған қоса, Қытай үкіметі ЕО елшілерінен Шынжаң сапары кезінде адам құқығы мәселесін талқыламауды талап еткен.
Дегенмен де, кейіннен ЕО мен Бейжің арасында ЕО елшілерінің Шынжаңға сапары туралы келіссөздерді қайта бастады. Қытай үкімет Шынжаңдағы ислам экстремизмі мен сепаратисттердің қатері туралы ескертеді. Соған қарамастан, ЕО тарабы өзінің талаптарына сай сапарға мүмкіндік алуға тырысуда.
Ал, Қытайдың Сыртқы істер министрі таратқан ресми мәлімдемеде болса, Бейжің ЕО мүшелерін қамтыған барлық әріптестерін Шынжаңға сапарлай баруға шақырғанын, тек тиісті шарттарды қабыл алуын жұмсақтап жеткізеді. Бірақ, «Рейтерге» мәлімет берген 6 дипломат ЕО елшілерінің Шынжаңға баруы қазір мүмкін емес екенін айтқан. Себебі, Қытай билігі ЕО елшілерінің сапары арқылы «Шынжаңда бәрі ойдағыдай» деген түсінік қалыптастырып, оны әлемге таратып жіберуді көздейді. ЕО тарабы бұған жол бергісі келмейді. Яғни, өз елшілерінің сапарын Қытай билігі өз мүддесіне пайдаланып кетуіне жол бермеуді ойластыруда.
Қытай билігі ЕО елшілерінің Шынжаң сапарын өз еркіне бермейтіні белгілі. Тек, алдын ала дайындалған, бір қарағанда «коммунистік партияның шапағаты төгілген» жерлерді ғана аралауға рұқсат етеді. Бірақ, ЕО дипломаттары бұған келісім бере алмайды. Олар нақты жағдаймен танысып, Шынжаң мәселесіне баға беру үшін сапарларын кең ауқымда жүргізуді қалайды. Міне бұл қазір ЕО мен Бейжің арасындағы келіспеушіліктің бір қыры.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді