АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда келіссөзінің сәтті өтіп жатқанын мәлімдеді. Бірақ, президент Трамп келіссөз нәтижесі қалай да Құрама Штаттар үшін тиімді болуы керек екенін айтты.
"Менің ойымша, Қытаймен сауда келіссөздері өте жақсы жүріп жатыр. Егер біз өз ойлағанымыздай келісімге қол жеткізсек, онда бұл таңғажайып келісім болар еді. Егер дәл сондай ауқымды келісім болмаса, мен оған қол қоймаймын", – деді АҚШ президенті өткен апта соңында. Ол және: "Менің келісімге келгім келеді, бірақ ол дұрыс келісім болуы керек", – деп мәлімдеді.
Трамптың айтуынша Қытай АҚШ-қа қарағанда келісімге көбірек мүдделі, себебі Қытай соңғы 57 жылдағы ең қиын жағдайда тұр. Ол Қытайдың қазіргі жағдайын жарылғалы тұрған жұмыртқаға ұқсатқан.
АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысын тоқтату мақсатында келіссөздер бір айдан бері жүріліп келеді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті