Украина НАТО-ға мүше болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені НАТО бас хатшысы Столтенберг Украинаның «1+1» телеарнасына берген сұхбатында ортаға салған.
Бас хатшы Йенс Столтенберг Украинаның қауіпсіздік ұйымына мүше болу ықтималдығын жан-жақтылы қарастыра келіп: «Бірнеше айдан кейін Солтүстік Македония НАТО-ға мүше болады. Осыдан бұрын Польшаның немесе Балтық жағалауы елдерінің НАТО-ға мүше болатынын ешкім елестете алмайтын. Украинаның да ұйымға мүше болуына әбден болады», – деген.
Оның айтуынша НАТО мүшелері Украинаның одақтас болуына толықтай келісім берген. Тек Украина қажетті реформалар жасауы керек. НАТО бас хатшысы, сондай-ақ, Украинаның реформаларды жүзеге асырып, қоғамдық модернизациялауына НАТО тарабы қолдау көрсететінін жеткізген.
Әрине, НАТО тарабы Украинаның ұйымға мүше болуын қолдап келеді. Бірақ, Украина НАТО-ға мүше болумен бірге Ресейдің күшті қысымына тап болудан алаңдайды.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр