Ливандағы ереуілден кейін үкімет басшылары біртіндеп отставкаға кетіп жатыр. Жақында министрлер кабинетінің басшысы қызметінен кеткен. Алайда, ереуілшілер билікке толықтай жаңа құрам келмейінше, алған бетімізден қайтпаймыз дейді.
Politico басылымының мәліметінше, елдің премьер-министрі отставкаға кеткеннен кейін президент Мишель Аун жаңа үкімет құру туралы ұсыныс жасаған. Ливан президентінің айтуынша, экономикалық дағдарысқа ұшыраған Ливанды бұл тығырықтан шығару үшін шұғыл реформа өткізіп, жаңа үкімет құру керек. Өткен аптада Ливандағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты «Ливан күштері» партиясы басқарушы коалиция құрамынан шықты.
Ливандағы жағдай 17 қазан күнгі үкіметтің шешімінен кейін ушыққан еді. Атап айтқанда, саясаткерлер ғаламтор арқылы қоңырау шалуға арналған бағдарламаны қолдану үшін ай сайын 6 доллар көлемінде салық енгізбек болған. Бірақ ереуілдер өршіген соң билік бұл шешімнен бас тартты. Қазіргі уақытта ливандықтар биліктің түбегейлі отставкаға кетуін талап етіп отыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр