Бүгін Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте жұмыс сапарымен оңтүстік астанаға келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көкжайлау» аумағына курорт салынбайтынын мәлімдеді.
«Бұл тақырыпқа қайта орала бермес үшін айтайын, мен Көкжайлау аймағына демалыс кешенін салуға тыйым саламын. Керек емес. Оның үстіне бұл бастамаға кәсіби экологтар мен қоғам белсенділері де қарсы шығып отыр», – деді президент.
Президент осыған дейін биылғы сәуір айында да сол кездегі шаһар әкімі Бауыржан Байбекке «Көкжайлау» жобасының құрылысын кейінге қалдыруды тапсырып еді.
«Алматы қаласының əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін «Көкжайлау» тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды», – деген болатын Тоқаев қоғам наразылығы күшейген тұста.
Жуырда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Көкжайлау» жобасының құрылысына байланысты әлі нақты бір шешім қабылданбағанын айтқан еді.

Көкжайлау табиғи аймағының көрінісі. Фото: ашық дереккөз















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы