Германия Парламенті солшыл партияның Ресейге енгізілген санкцияларды жеңілдету туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. Бұл жөнінде тиісті хабарлама ГФР Парламентінің сайтында жарияланды.
Солшылдар фракциясы федералды үкіметті Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың бірқатар бөлімдерін жойып, Еуропалық одақ тарапынан қолдау көрсетуді ұсынған. Осы жөнінде өткен жиында Германиядағы өзге де партиялар Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету «мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейтінін, экономикалық тұрғыда пайдасыз және мәселеге толы» екенін айтты.
Мәскеуге қатысты мәселеде Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтік одақтарының фракциялары, Германияның Социал-демократиялық, Еркін демократиялық партиясы, «жасылдар» және «Германия альтернативі» партиялары қарсы дауыс бергеннен кейін, Бундестаг солшылдар ұсынысын кері қайтарды.
Негізінен Германияның солшыл партиясы Ресейді қолдап, Мәскеуді оқшаулауға түбегейлі қарсылық білдіріп келген. 2015 жылы Германия солшыл партиясының бундестагтағы фракциясының жетекшісі Грегор Гизи маусым айында осы елде өтетін «үлкен жетілік» елдері саммитіне Ресей президенті Владимир Путинді шақыру туралы канцлер Ангела Меркельге ұсыныс айтқан. DPA агенттігіне сұхбат берген Гизи «Дағдарыстарды Ресейсіз шешу мүмкін емес болғандықтан, «жетілікті» қайтадан «сегіздікке» айналдырған жөн. Ресейді оқшаулап ұстау зияннан басқа ешқандай пайда әкелмейді» деп мәлімдеген. Ол Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер барысында және Сирияның химиялық қаруын жоюда Путиннің «дұрыс роль атқарғанын» айтқан.
Грегор Гизи сонымен бірге Украинадағы жанжалды реттеуге КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачевті араағайындыққа тартуды ұсынып, «Горбачевсіз бүкіл Шығыс Еуропада демократиялық өзгерістер болмас еді» деген.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр